Виктор Куллэ

1962 жылы Киров облысы, Кирово-Чепецк қаласында дүниеге келген. Ленинград нақты механика және оптика институтының инженерлік-физика факультетінде оқыған. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. Иосиф Бродский шығармашылығын зерттеген маман. «Литературный обзор» журналы мен «Летний сад» баспасының бас редакторы қызметін атқарған. «Палимпсест» (2001), «Всё всерьез» (2011), «Благодарность» (2020), «Стойкость и Свет» (2017) жыр жинақтарының авторы. Ағылшын, итальян, Ресей халықтарының тілдерінен поэзия аудармашысы. «Культура» және «Первый канал» телеарналары бағдарламаларының сценаристі. М. Ломоносов, А. Грибоедов, М. Цветаева, Г. Газданов туралы деректі фильмдердің, Ұлы Отан соғысындағы әйелдер туралы сериалдардың сценарийлерін жазған. «Новый мир» журналы сыйлығының, итальяндық-ресейлік «LericiPea Mosca» сыйлығының, А. М. Зверев атындағы сыйлықтың, Жаңа Пушкин сыйлығының және т.б сыйлықтардың лауреаты. Мәскеуде тұрады.
Философ және әдебиеттанушы Георгий Гачев былай деп жазады: «Виктор Куллэнің поэзиясы — қиялдың көрнектілігі, тіршіліктің күнәсі мен күлкісі, ой құмарлығы, бай тіл, тембрлер оркестрі, алуан ассоциялардың жиынтығы ...»