Аңғалдана қарайсың, аспан аспанға ұқсайды...

* * *

Аңғалдана қарайсың, аспан аспанға ұқсайды,
шет-шегі жоқ, түпсіз терең тұңғиық.
Көкте болғасың, дегенмен адам ұшпайды,
самғатпаса өре деген бір биік...

Ұшақтарда, қанатында қиялдың,
бала кезде самғаушы едің ұдайы...
Шабытпенен заулаушы едің жиі әр күн,
бірақ, қазір бәрі-дағы шынайы:

Боингтен түсіп қалдың заматта,
жеке ұштың бөлініп бар достан да...
Мартин Иден тереңдеген қабатқа,
бара жатсың сегізінші аспанға.