Жоба жайлы

Біздің портал – заманауи ресейлік авторлар туындыларының түпнұсқасымен және ТМД халықтары тілдеріне тәржімаланған үлгісімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

Кейінгі онжылдықтарда қазіргі ресейлік қаламгерлердің шығармаларының аудармалары Достастық елдерінде тым сирек әрі жүйесіз түрде жасалды. ТМД елдерінің он бір тіліне тәржімаланған «Заманауи орыс әдебиеті» атты екі томдық толыққанды антологияның жарық көруі көпшілікті елең еткізген елеулі оқиға һәм серпінімен сергітер сәт болды (2023).

Біздің портал ТМД оқырмандарының назарына орыстың ең жаңа көркем сөзін ұсынуды жалғастыруда. Порталда жарияланған ондаған шығармалар заманауи орыс әдебиеті жанрлары, тақырыптары мен идеялары жайлы егжей- тегжейлі мағлұмат жеткізбес те, бәлкім, бірақ етек-жеңі жинақы, барынша бедерлі бейнесін бере алары анық. Авторлардың тізімі ұдайы толықтырылып отырады.

Біздің жобамыз көркем аударма мектептерінің қарқынды дамуын қолдап, осынау безбен басында бейнеті мен берекесі бір тұрған ізгі іске жаңа есімдердің жұмылуына және талантты әдебиетшілердің ыстық ықылас танытуына ықпал етіп қана қоймай, мәдениеттер мен халықтар арасын жақындата түсіп, сол жарасымды жолға қызмет қылуынан үміттенеміз.