Күннің шуағын тартып шүйгін...

* * *

Күннің шуағын тартып шүйгін,
Нева жағасын саз қылар.
Мен сені өмірден артық сүйдім,
бірақ, өлімнен аз шығар...

Күтпейді уақыт, сезімнің кімде обалы?!
Мен Құдайдай сендім саған қаншама...
Махаббат — мәңгілік, өлімнен де жоғары,
өмір қысқа болса да!