Эдуард Лимонов

Эдуард Вениаминович Лимонов (шын тегі Савенко; 1943—2020) — прозашы, ақын, публицист, қоғам қайраткері.
Горький (Қазіргі Төменгі Новгород) облысының Дзержинск қаласында дүниеге келген, балалық шағы Харьковта өткен. Еңбек жолын 17 жасында бастап, бірнеше жұмысшы мамандықтарын игерді. Әдебиетке ақын ретінде келіп, жинақтарын өзі бастырған. 1974 жылы біржола шетелге кетіп, 1980 жылы «Бұл мен — Эдичка» атты халықаралық деңгейде мойындалған тұңғыш романы Францияда жарық көрді. 1990-шы жылдардың басында Ресейге оралды.
Лимонов «История его слуги», «Жолы болмаған адамның күнделігі», «Жасөспірім Савенко», «Бізде ұлы дәуір болды» және т. б. жиырмаға жуық романдар мен хикаяттардың авторы. Әңгімелер мен жыр жинақтары, көсемсөздері, қоғамдық-саяси мақалалары, естеліктері жарық көрді. Оның прозасы — өткір және нәзік, ақиқатшыл, рұқсат етілген шекараларды жиі бұзатын әдебиет. Кейбіреулер «қатыгез реализм» деп санаса, басқалары «құмарлық, сезімталдық және сол заманның азғындығын бойына сіңірген орыс ақынының интеллектуалдық бет-бейнесі» деп есептеді.

Авторлық шығармалар

1 жұмыс