Евгений Чигрин

1961 жылы Кировоград облысының Мала Виска қаласында дүниеге келген. «Погонщик» (2012), «Неспящая бухта» (2014), «Подводный Шар» (2015), «Невидимый проводник» (2018) атты төрт жыр жинағының авторы. Ресей және халықаралық поэзия фестиальдеріне қатысқан. Жырлары еуропа мен шығыстың көптеген тілдеріне аударылған. Польшада, Украина мен Сербияда кітаптары жарық көрген. Сахалин мәдениет қоры сыйлығының, Халықаралық Артий сыйлығының, Константин Симонов атындағы сыйлықтың, Арсений мен Андрей Тарковскийлер атындағы сыйлықтың (Украина), Горький әдеби сыйлығының, Павел Бажов атындағы бүкілресейлік әдеби сыйлықтың, «Алтын Дельвиг» сыйлығының, Сергей Аксаков атындағы сыйлықтың лауреаты. Халықаралық Пен-клуб пен Мәскеу Жазушылар одағының мүшесі. Мәскеуде және Мәскеу маңындағы Красногорскіде тұрады.
Сыншы Павел Басинский: «Чигриннің өзіне ғана тән поэтикалық тақырыбы, ешкімге ұқсамайтын, дербес «географиясы» да бар. Шығыс, Үндістан, Қырым... Оның жырлары Шығыстың күніндей күйдіріп, Қырымның шарабындай масайта алады. Олардың сиқырында шек жоқ...».