Қою түс

Поль Гогеннің альбомындағы алқаптарда

 Сейсенбі ме, сәрсенбі ме, бейсенбі,
Түн жұмаға қарай тіпті белсенді...
Ешқандай сөз жазылмаған бөлімдей,
Манаурайды айдың өзі көрінбей.

 Талмуд пенен жырлар сипап бастан бір,
«Варварлардың аңыздары» шашқан нұр.
«Құлшылық күн» сіңіп ойға батады-ай,
Түрлі-түсті тоқылатын матадай.

 Отаршылдық пейіл бірден сезілер,
Еуропаның ет жүрегі езілер.
Сөйлер болса макрокосм кенебі,
Жұлдызнама әлеміне енеді.

Ол — маори, махаббатта галл, сірә,
Ұнатқаны порно, жас қыз, бал сыра.
Кенеп берер көңіліңе сый артық,
Күн батуда жапырақтарды ұялтып.

Анау — бәліш, тамсанып бір жеңіз де,
Жұма күні, көрініп тұр теңіз де.
Дастарханда асшаяндар жатыр ғой,
Тайсалмайтын қою түс те батыр ғой.

Суретшінің жұмысынан қас қақпа,
Өмір менен өлім ойнар аспапта.
Бір-ақ сәтте күшейтеді үрейді,
Көңіліңе көп аңыздар түнейді.

Міне-міне, ақырын кеп жиектей,
Жырларымды лақтырамын сүйектей.
Сенің өлім циркіңе де сөз құрар,
Жыр жазамын, бірақ, ол жыр көзге ұрар.