Захар Прилепин
Захар Прилепин (Евгений Николаевич Прилепин, 1975 ж. т.) — прозашы, филолог, публицист, қоғам қайраткері, редактор, тележүргізуші, актер. «Ұлттық бестселлер» сыйлығының (2007), РФ Үкіметі сыйлығының (2016), «Үлкен кітап» (2014), «Ясная Поляна» (2006) және басқа да көптеген сыйлықтардың лауреаты.
Рязань облысында тарих пәні мұғалімі мен медбикенің отбасында өмірге келген. ОМОН-да қызмет етті, Шешенстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан. Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Журналистикамен айналысты, БАҚ-да бас редактор болды, телеарналарда авторлық бағдарламалар мен музыкалық шолуларды жүргізді, киноға түсті, М. Горький атындағы МХАТ-та әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.
Сыншылар мен оқырман қауым Прилепин кітаптарынан («Патологии», «Ботинки, полные горячей водкой», «Обитель» тағы басқалары) «күнделікті орыс өмірінің шындығы» мен «орыс қаһармандық максимализмінің» уағыздарын, жарқын бейнелеу мен тарихилықты тауып, әлеуметтік һәм романтикалық пафосты танып жатады.