Тимур Кибиров

1955 жылы Хмельницкий облысы, Шепетовка қаласында туған (Украина). Мәскеу облыстық педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген. Шығармаларын қолдан басып, жариялаған. Жиырма жеті жыр жинағының авторы, оның ішінде: «Улица Островитьянова» (2000), «Юбилей лирического героя» (2000), «Amor, exil» (2000), «Кто куда, а я — в Россию» (2001), «Шалтай-болтай» (2002), «Стихи» (2005), «Кара-барас» (2006), «Три поэмы» (2008), «Стихи о любви» (2009), «См. выше» (2014), «Муздрамтеатр» (2014), «Солнечное утро» (2020), «Малые формы. 1978—2015» (2020) һәм екі прозалық кітап. Өлеңдері еуропа және азия тілдеріне аударылған. Көптеген марапаттардың, атап айтқанда, А. Тёпфер қоры тағайындаған Пушкин сыйлығының (Германия), «Антибукер» тәуелсіз сыйлығының, «Северная Пальмира» сыйлығының, «Станционный смотритель» сыйлығының, Бунин сыйлығының, «Anthologia» поэтикалық сыйлығының, «Поэт» ұлттық сыйлығының иегері. РФ Үкіметінің мәдениет саласындағы сыйлығының және Солтүстік Осетия Республикасының Мемлекеттік сыйлығы — К. Л. Хетагурова атындағы Алания сыйлығының лауреаты аталып, т. б. марапаттарды иеленген. Мәскеуде тұрады.
Әдебиеттанушы және сыншы Андрей Немзер былай деп жазған болатын: «Кибиров поэзиясының мәні — ол әрқашан өмір шындығындағы «мәңгілік образдарды» дәл таниды. Азаматтық күйзеліс пен тұрмыстағы жайлы қалып, махаббат пен жек көру, нөсер мен жапырақтар жауыны, танымал зияткерлік тұжырымдар — бұның бәрі ақын қаламына арқау болған тақырыптар. Құдай Кибировпен (ол арқылы бізбен) бір ғана тілде — икемді және еркін, ашулы һәм жұмсақ, орыс поэзиясының дәлме-дәл тілінде сөйлеседі».