Дина Рубина

Дина Ильинична Рубина (1953 ж. т.) — прозашы, драматург, көсемсөзші. «Большая книга» сыйлығының лауреаты (2007).
Ташкентте суретші мен мұғалімнің отбасында дүниеге келген. Консерваторияны тәмамдап, Мәдениет институтында сабақ берді, радиода жұмыс істеді.
Жазушының 16 жасында жазған алғашқы әңгімесі «Юность» журналында басылған. «Қар қашан жауады?» деген хикаяты оны көпшілікке танытты. 1990-шы жылдары Рубина «әйелдерге арналған беллетристикадан» әлдеқайда ауқымды жанрларға көше бастады (пәлсапалық-психологиялық романдар, әулеттік сагалар). «Көшенің күнгей жағында», «Синдикат», «Кордованың ақ көгершіні», «Самал жел» және т. б. романдары оны Ресейдің ең таңдаулы қаламгерлерінің қатарына қосты.
Рубинаның прозасы — жалынды, теңеуге бай, шытырман сюжетке құрылған, тілі шұрайлы шығармалар. Сыншылар Рубинаны «сергек сана», «ізденгіш ақыл», «өмір белестері мен жатақхананың алуан түрлі қоқысына ашкөздікпен қарайтыны» үшін жақсы көреді (Алла Марченко).