Фазыл Ескендір
Фазыл Абдулұлы Ескендір (1929—2016) — прозашы, ақын. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1989), РФ Мемлекеттік сыйлығының (1994, 2014), РФ Үкіметі сыйлығының (2011) лауреаты.
Сухумиде Ираннан шыққан отбасында дүниеге келген. Абхазияның Шегем ауылында тәрбиеленген. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Журналист, редактор болып жұмыс істеді. Өлең жазды.
Туындылары 1960 жылдардан бастап «Юность» журналында басыла бастады. «Новый мир» журналында жарияланған «Тауешкі шоқжұлдызы» сатиралық хикаятымен танымалдыққа жетті. Оқырмандардың ыстық ықыласын тудырған ең танымал шығармалары — «Шегемдегі Сандро», «Чиктің балалық шағы», «Қояндар мен жыландар».
Фазыл Ескендірдің прозасы ирониялық және философиялық сипатта, астарлы әңгімелер мен тәмсілдерге құрылады.