Владимир Солоухин

Владимир Алексеевич Солоухин (1924—1997) — прозашы, ақын, публицист. М. Горький атындағы РКФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).
Владимир губерниясы Алепино ауылында шаруа отбасында туған. Механикалық техникумды тәмамдаған. Кремль күзетіндегі әскери қызметін аяқтаған соң А. М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Огонек» журналында жұмыс істеп, ел ішін көп аралады.
Солоухин 1957 жылы «Новый мир» журналына шыққан «Владимирдің қара жолдары» атты лирикалық очерктерінен кейін таныла бастады.
Солоухин әйгілі «ауыл жазушыларының» жарқын өкілі болған. Оның шығармашылығында «Мать-мачеха», «Ғажайып Адыгене», «Үкім» өмірбаяндық романдары және «Соңғы саты (Замандастарыңыздың тәубесі)» қорытынды кітабы ерекше орын алды.
Публицист ретінде XX ғасырдағы Ресейдің тақсіретті тарихы («Тостаған»), ауыл тағдыры, кеңес тәжірибесіне көзқарасы, («Орыс музейінен хат», «Қара тақталар») ұлттық мәдени мұраны сақтау жайында көп жазған.
Көсемсөздегі шеберлігі, тарихты терең сезінуі, азаматтық ұстаным мен аса биік лиризмді ұштастыра білуі — Солоухин шығармашылығына тән ерекшелік.