Алексей Цветков

1947 жылы Ивано-Франковск облысы (Украина КСР) Станислав қаласында туған. Одесса мемлекеттік университетінің химия факультетінде, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих және журналистика факультеттерінде оқыды. 1975 жылдан бастап шет елдерде (АҚШ, Германия, Чехия, Израиль) тұрады. 2004 жылы 17 жыл үнсіздіктен кейін поэзияға қайта оралды. «Жеке өмірге арналған пьесалар жинағы» (1978), «Ұйқыдағы күй» (1981), «Эдем» (1985), «Өлеңдер» (1996), «Айтуға ғажап» (2001), «Шекспир демалуда» (2006), «Эдем және одан да көп» (2007), «Махаббат есімдері» (2007), «Тегіс жел» (2008), «Мағынаны анықтауыш» (2010) «Ұйқы алдындағы әңгіме» (2010), «Әндер мен балладалар» (2014), «Соңғы конвой» (2020) және басқа да көптеген кітаптардың авторы. Сондай-ақ, «Тек бір дауыс» (2002) прозалық өлеңдер жинағы және бірнеше эссе кітаптары бар. Ол ағылшын-американ, поляк ақындарын орыс тіліне аударған. Андрей Белый сыйлығының (2007), «Anthologia» поэтикалық сыйлығының (2010), «Московский счет» сыйлығының (2011), Ресей әдеби сыйлығының (2011) иегері. 2022 жылы қайтыс болды.
2004 жылдан бастап сыншылар Цветковтың «жаңа поэтикасы» жайлы, оның поэтикалық тілінің күрделілігі туралы, экспрессивтік мүмкіндіктерін кеңейту үшін тілдік ауытқуларға тартылуы хақында, оның өзіндік көркемдік стилінің танылуы турасында айтып келеді.