контрапункт талпынысы
келеді айтқым бірақ бір күш көмейіме тіреліп
дір — дір етіп жоғалудың айрығында үн өліп
торлардағы кеңістіктер белгісі емес өмірдің
ал барлығын мойындауың жоғалуы сенімнің
қиялыма шашыраңқы сан ойларды сап көрдім
өрнектелген жуылмаған аяғында шұлығы,
иісін сездім жетегінде түпсіз ойлар әпкемнің
адамзат кім және мынау әлем қалай құралған
түп шешелер және өгей ікелер із шығарған
мичуриндік таптық құрттар дамуының шеті ме
әлде кенет шашып — шашып жіберсем бе бетіңе
міне енді шұлықты да ыстық күйі жіберді
өрмектер де сөгілуде ілмектері қабыспай
қырылдаумен өңешіңе кеп тірелген дауыстай
сіз айтарсыз жан әлемі жұмбақтай һәм сұрақтай
ол сусыған су секілді кейде тіпті сынаптай
жаның бәлкім газ түрінде бірақ сұйық пішінде
ағысы да тұрақты оның мына менің ішімде
саңырауқұлақ емес тірі қалса иісін шығармай
ұсақ жөндеу жұмысына керек сайман — құралдай
дұрыс тіпті су жаңасын таңдап сатып алсам да
жан осы деп айтармысың өмір демі бар сонда
жаның жұмбақ жұлқынып ап шылбыр үзер кейде әлгің
сен құпия кеңесшісі секілдісің веймардың
ұмтыларсың жұпары аңқыр бір жас қыздың соңынан
аузыңдағы шұлығың да иіс білдірсе оңынан
ең дұрысы білегіме жібек байлам тағып ап
қолға аламын жол сызуды жан жүрегім дүрсілдеп
сен ұйқышыл торда балық ұлы анасын білсін деп