Сен жерде тым ұзақ жаттың-ау, бекер күн...

* * * Сен жерде тым ұзақ жаттың-ау, бекер күн, пайдасыз, ақыры сарыла күткенің туды да — ұйқыңнан ояндың, көтердің басыңды, сірескен жотаңды тіктедің. Сатырлап, сықырлап омыртқаң — жай кәрлі, сан алуан, қаһарлы назарын аудырды өзіне, тәкаппар көк кенет шайқалды, нән бұршақ тастарды уатып жаудырды. Тастарға, тез, шапшаң айналған тым өткір созылған тамшыға, дәнекке жалғаса, қайтсе де ұзарып өсуді тілеп тұр ұзарып, зүмірет шөп сынды, болмаса қоңырқай тоғайдай, бұтадай балапан жиі өскен, сен жерде тым ұзақ жаттың-ау, түк мәнсіз, пайдасыз, бойыңа нала тән, ақыры сарыла қарсы алған шақ мынау, — бұл келте бес күнде ұйқыға жол ашып, мызғысаң. Қарбалас тірліктен безініп, қараңғы қапаста жүргенше адасып, сан қабат жер үстін табанмен сезініп. Кей кезде сүрініп, күлімдеп тұратын: «Бәрі де ғажап!» — деп, еңселі өзгеден. Себебі, белгісіз болса да шын атың, есімің бар сенің «Өзен» һәм «Сөз» деген.