айтшы тағы

айтшы тағы анау жарық жұлдыздардың табыны
кемпірқосақ нұрын шашып көздің жасын жұтар ма ең
сол арайдан бақ үстінде бөлек жұпар ағыны
мүмкін бе бұл жұлдыз біткен аңқыр ма еді жұпармен
шұғылалы әуенменен жерде нұры шұбаған
қарс айрылды жүрек содан ерік берген кім оған

айтам саған, сол жұлдыздар күндіз көрген түсімдей
бақтар менен алаңдарда сәулелері тоғысқан
бір көктемнің гүлдеріндей өскен кіршік түсірмей
жазда тіпті қыс күнінде от алауы көп ұшқан
немесе олар жарқыл қағып бос атақтан нәр алған
қара жерді тірлік үшін сүйдіруге жаралған

айтшы маған өзің енді, бұл не күлдің гүлдері
көкжиекте қосқанатты үлбіреген не гүлдер
тәтті әуені балта менен жаңғырықтың дүр демі
үрейлі емес әндетеді сазға толып өмір бел
көкке оны көтерген кім асқақ көкте тұрғанда
қарс айрылды жүрек ғашық болғандайын бір жанға

айттым саған. анау тұрған тәннің қандай гүлдері
олар таулық апаларым желдің ұшқыр құстары
күлден шаңнан жаралғанмен самғап ұшар ілгері
балық терең елесі де құстар шыңның құштары
ән салады көкжиектің әлдиіне уанып
мына бізге қара жерде күлу үшін қуанып

айтшы тағы шындықты айтшы анау ұшқан не құстар
періштелер кезек тосқан шалқар өзен жолында
мың құбылтып әнге басқан раушандайын рәуіш бар
отқа ұмтылған көбелектей даяр құрбан болуға
көзбен көріп мәңгілікке бастағанын өмір бұл
қарс айрылған қайран жүрек жапырақшамен көгілдір

айтам саған кімдер олар періштелер жердегі
күн батарда суға барар бір қайғылы сазбенен
адамзаттың қыздары бұл бал бұл жанған өңдері
келіндер мен жарларымыз қиылатын назбенен
күнің нұрлы түнің қысқа жұмақтайын көреміз
сол жандарды сүйеміз біз махаббатпен өлеміз

айтшы онда айтшы тағы шындығыңды барша бар
өмір зулап өзіне тән ағысымен өзі ақты.
гүл де гүлдер құстар дағы таң алдында ән салар
жарқыра деп айтты күнге үйренді ол бұл ғажапты
өзен жаққа барар қыздар нәрестелер туады
жоқпын маған неге өмірдің бұйырмады шуағы

жоқпын тірі емеспін мен көндім оған шамасы
жарық күнді көрмегенге мақпал түн де болмайды
дүниеге келмегенді жоқтамайды анасы
гүлдемеген гүлдер дағы мәңгілікке солмайды
көкжиекте самғамаса құс та жерге құламас
жүрегі жоқ адамдардың жаны ешқашан жыламас