Михаил Попов
Михаил Михайлович Попов (1957 ж. т.) ― прозашы, ақын, публицист, сыншы, киносценарийшы. Мәскеу Үкіметі сыйлығының (2002), Андрей Платонов атындағы (2000), Гончаров атындағы (2009) және т. б. бірқатар сыйлықтардың лауреаты.
Харьковта суретшінің отбасында дүниеге келген, балалық шағы Қазақстанда өтті. Ауылшаруашылық техникумын тәмамдап, кейіннен А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді. «Литературная учёба» журналында жұмыс істеп, «Московский вестник» журналында бас редактордың орынбасары болған. 2004 жылдан бастап Ресей Жазушылар одағына қарасты Проза бойынша кеңесті басқарып келеді.
Михаил Поповтың «Той» атты тұңғыш романы 1986 жылы жарық көрген. Попов — жыр жинақтары («Белгі», «Ертеңгі бұлттар») мен жиырмадан аса проза кітаптарының авторы. Солардың арасында психологиялық әрі шытырман сюжетті романдары («Тәуелді тас қашаушылар», «Плерома» және т. б.) бар. Ол тарихи роман жазушы ретінде кеңінен танылды («Сулла», «Темірлан», «Барбаросса», «Олоннэ» деген өмірбаяндық романдары бар).
Попов прозасы — шытырман сюжетті, көбіне-көп парадокске сүйенген, ойын мен тылсым күшке бейім, сөз ойнатуға шебер бола тұра, дәстүр аясынан шықпайтынымен ерекше.