Виктор Астафьев

Виктор Петрович Астафьев (1924—2001) — прозашы, көсемсөзші, драматург. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1978, 1991), РФ Мемлекеттік сыйлығының (1995, 2003) лауреаты.
Красноярск өлкесінің Овсянка ауылында дүниеге келген. Ерте жетім қалып, балалар үйінде өсті. Фабрика-зауыт мектебін тәмамдап, теміржолда жұмыс істеді.
1942 жылы өз еркімен майданға аттанды. Соғыста жүргізуші және байланысшы болғанда екі рет жараланып, контузия алған. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. Кейін Оралда, Чусовта, Пермь мен Вологдада тұрды.
Тұңғыш кітабы 1953 жылы жарық көрді.
Астафьев «Пастух и пастушка», «Печальный детектив», «Царь-рыба», «Последний поклон» романдарының, лирикалық-өмірбаяндық әңгімелердің, публицистикалық шығармалардың авторы ретінде кең танылды. Көптеген туындылары бойынша фильмдер түсірілген.
Әдебиеттегі екі бағыттың өкілі: әскери («окоп ақиқаты») және «ауыл» прозасының. Астафьев прозасының өзіне ғана тән белгілері — қоғам мен адамға бір мезгілде қоятын қатаң және бейтарап көзқарасы, жарқын және өткір тілі, психологиялық тұрғыдан дәл бейнелеуге бейімділігі.