Михаил Анищенко
1950 жылы Куйбышевте (қазіргі Самара) дүниеге келген. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған. Ол түрлі салада қызмет атқарып, кей жылдары сантехника маманы, вахташы, әкімнің көмекшісі, тілші болып та жұмыс істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы 1979 жылы жарық көрді. «Тұмар» (2008) және «Соқыр жаңбырдың әндері» (2011) сияқты бірнеше поэзиялық жинақтардың, романдар мен У. Шекспирдің өмірі жайлы жазылған «Жұлдыздардың тұңғиығы ашылды» атты өмірбаяндық зерттеудің авторы.
«Күміс садақшы» сыйлығының, С. Михалков атындағы сыйлықтың, «Халық ақыны» желілік әдеби сыйлығының, т. б. сыйлықтардың иегері. Ресей Жазушылар одағының мүшесі. Соңғы жылдары Самара облысының Шелехмет ауылында тұрып, 2012 жылы қайтыс болды.
Жыл сайын Самарада ақын атындағы Бүкілресейлік жастар әдеби фестивалі өтеді. Евгений Евтушенко Анищенкоға: «Ақын өзінің мейірімді әрі балалық көңілімен жылы ұшырайды. Ол өмірде көп кездесе бермейтін ауыр тағдыр бұйырған жан болса да, Сергей Есенин, Николай Рубцов, Веничка Ерофеев сияқты туған жер, әйелдер мен табиғаттың үйлесімділігін аса көркем кейіптеп, шебер суреттей білген ақын», — деп баға берген.