Клеопатра
Есіктің алдын жапырақ басып, ескі күй қайта келген бе?
Өртеніп кеткен Египет сынды өзіңді сүйді шер кеуде.
Миниппей-тағдыр қорабы толып, көрінді ненің елесі?
Энобарба, міне, мықты әскер құрып, қирады Помпей кемесі.
Клеопатра!.. Тұманның іші, думанның торы жаныңды қамап алғанын,
Өсектің уы, туыстың кегі бағыңды қамап алғанын,
Естісем дағы, ішімде менің ашылмай жатыр сыр-түмен,
Октавий бірақ біздерді аңдып, осы бір маңда жүр білем.
Әдемі жүзің ақ бұлтқа ұқсап, баурап та мені барады,
Сенсің бе, әлде, жанымды алар өлімнің сұлу жанары?..
Нәп-нәзік қолмен сусынды беріп, ішуге мені шақырдың,
Тіл қаттың сосын: «Антоний, енді.. сен менсіз таңды атырғын».
«Сен менсіз таңды атырғын жалғыз, ұмытшы бәрін, сезімді»,
Дедің де солай, жұмбақтау үнмен, тауыстың ішкі төзімді.
Жалғыз сөз айтам, тағдырым жайлы, қараңғы түнмен сырласа:
«О жақта көрем өзіңді, қалқам, бұл жақта бірге қылмаса».
Ғасырлар өтіп, шексіздік түбі қарайсын мейлі, қарайса,
Жастықта қалған иісімді менің танымай қалдың қалайша?
Тар кеудем ішін итеріп жатыр махаббат дейтін өр көңіл,
Египет маған бұйым да болмай қалады әлі көр де тұр!