Андрей Рубанов

Андрей Викторович Рубанов (1969 ж. т.) — прозашы, кинодраматург, журналист. «Ясная Поляна» (2017) және «Ұлттық бестселлер» (2019) сыйлықтарының лауреаты.
Мәскеу облысының Узуново ауылында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Жүргізуші, құрылысшы болып жұмыс істеп, кәсіпкерлікпен айналысқан. Ресей Федерациясының Шешенстандағы өкілетті өкілі аппаратында баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
2005 жылы жазушының дебюттік кітабы — «Сажайте, и вырастет» атты өмірбаяндық романы, одан кейін: «Великая мечта», «Жизнь удалась», «Хлорофилия», «Живая земля» и «Йод», «Психодел», «Патриот», «Финист — ясный сокол» және «Штормовое предупреждение», «Человек из красного дерева», «Жестко и угрюмо» және т. б. романдары жарық көрді.
Рубанов «жаңа реализм» және фантастика жанрларына қалам тартып, жазушының кейіпкерлері батыл, қайратты адамдар, олар үлкен құштарлықпен өмір сүреді. Сонымен қатар, оның прозасы өзіне сын көзімен қарап, үлкен өзгерістер дәуіріндегі адамның сана-сезімін толық бейнелей алуымен ерекшеленеді.