Олег Павлов

Олег Олегович Павлов (1970—2018) — прозашы, көсемсөзші, сыншы. «Русский Букер» (2002), Александр Солженицын атындағы (2012) және басқа да сыйлықтардың лауреаты.
Мәскеуде туған. Оның әдебиеттегі тырнақалды туындысы «Қарауыл элегиясы» (1990) әңгімелер циклында қамау орындарындағы өмір күзетшінің көзімен баяндалады. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіріп, кейін сол жерде прозадан семинар жүргізді.
Павловтың қарауыл жасағы әскери қызметі жайлы алғашқы романы «Қазынаға тиесілі ертегі» жас авторға танымалдық әкелді. «Матюшкиннің ісі», «Асистолия», «Аурухана күзетшісінің күнделігі» Павловты қазіргі заманғы реалист жазушылардың алдыңғы қатарына шығарды.
Ол әдеби сыншы ретінде де танымал («Орыс әдебиеті және шаруалар мәселесі», «Орыс прозасының метафизикасы»). Павловты поэтикалық күш пен христиандық азап тұнған қатқыл «ғибадаттық прозаның» шебері деп атайды. Оның кейіпкері — шекаралық ахуалдан мазмұн мен арылу іздейтін адам.

Авторлық шығармалар

1 жұмыс