Сергей Завьялов
1958 жылы Пушкин қаласында (Ленинград облысы) дүниеге келген. Ленинград университетін классикалық филология кафедрасы бойынша тәмамдаған. Шет тілдер институтында және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде классикалық тілдер мен ежелгі әдебиеттен сабақ берді. Ежелгі грек, латын, фин және Литва поэзиясының аудармашысы. Бес поэтикалық жинақтың авторы: «Одалар мен эпостар» (1994), «Мелика» (1998), «Сөйлеу» (2009), «Кеңестік кантаталар» (2015), «Өлеңдер мен поэмалар» (2018). Өлеңдері он екі тілге аударылған, кітаптары ағылшын, итальян, фин, швед және эстон тілдеріне аударылған. Андрей Белый сыйлығының, «Premio ceppo Internazionale Pistoia» итальяндық поэзия сыйлығының және басқа да сыйлықтардың иегері. Хельсинки қаласына (Финляндия) арнайы шақырылған қаламгер болды. Орыс және фин ПЕН орталықтарының мүшесі. Винтертур қаласында (Швейцария) тұрады.
Завьялов — ежелгі дәуірді терең білетін, поэзияның шынайы формасын іздейтін экспериментшіл ақын. «Орыс тілінен орыс тіліне тәржіма» жасаған ақынның батылдығын бағаламау мүмкін емес.