Владимир Маканин

Владимир Семёнович Маканин (1937—2017) — прозашы, сценарийшы. РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999), «Русский Букер» (1993), «Большая книга» (2008), «Ясная Поляна» (2016) сыйлықтарының иегері.
Орынбор облысының Орск қаласында инженер-құрылысшы мен мұғалімнің отбасында дүниеге келген. М. В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін тәмамдап, математика пәнінен сабақ берген. Жоғары сценарлық курстарды бітіріп, «Советский писатель» баспасында редактор болып жұмыс істеді, А. М. Горкий атындағы Әдебиет институтында прозадан семинар жүргізді.
Маканиннің «Прямая линия» атты алғашқы романы 1965 жылы жарық көрген. Оның «Портрет и вокруг», «Один и одна», «Предтеча», «Там, где небо сходилось с холмами», «Андеграунд, или Герой нашего времени», «Испуг», «Асан» және басқа да романдары мен әңгімелері оны біздің заманымыздың ең көрнекті жазушыларының біріне айналдырды.
Маканиннің күрделі, кинематографиялық мәнерлі прозасы психологизмімен, заттар мен құбылыстарға интеллектуалдық көзқарасымен, әлеуметтік көңіл-күй мен жағдайларды ерекше терең бейнелеуімен ерекшеленеді. Маканинді «қоғамдық адамтану» және «әлеуметтік диагностика» ғылымдарының магистрі деп те жатады. Ол негізінен көпшілік ішінде болуға бейімделген «орта адамын», қала маңын қоныстанушыларды немесе «барак» тұрғындарын зерттеді, зерттеу барысында даралық, еркіндік, шығармашылық, таңдау мәселелерін көтерді.

Авторлық шығармалар

1 жұмыс