Виктор Пелевин

Виктор Олегович Пелевин (1962 ж. т.) — прозашы, көсемсөзші. «Большая книга», «Малый Букер» (1993), «Национальный бестселлер» (2004) және басқа да бірқатар ресейлік және еуропалық сыйлықтардың лауреаты.
Мәскеуде дүниеге келген. Мәскеу энергетика институтын бітіріп, А. М. Горький Әдебиет институтында оқыған. 1991 жылы жазушының алғашқы кітабы «Синий фонарь» әңгімелер жинағы жарық көрді. «Омон Ра», «Жизнь насекомых», «Чапаев и Пустота» және «Generation „П“» романдары авторға постмодернист-жазушы және заманауи көреген ретінде зор даңқ әкелді. Ол өз туындыларында сипаттаған 1990-шы жылдар өзінің ақылға жат идеяларымен, мән-мазмұн ойындарымен, мифтердің күйреуімен, рухани саланың коммерциялануымен және симулякрлардың салтанат құруымен ерекшеленді.
Пелевин — «Empire V» (2006), «S. N. U. F. F.» (2011), «Бэтмен Аполло», «Любовь к троем цукербринам» (2014), «Смотритель», «iPhuck 10» романдарының, «Диалектика переходного периода. Из ниоткуда в никуда» (2003) әңгімелер жинағының және 2021 жылы «Transhumanism Inc.» (әңгімелер жинағындағы роман) секілді бірегей еңбектің авторы.