Құмсағат
Тартысқан періштелер, алысқан перілер де түсінбес құл бақытын,
Өмірдің бұрышынан өлімнің бұрышына сырғыды құм-уақытым.
Күйдірген күйініштер, қуаныш, сүйініштер, көз жасым, құшағым да,
Құмменен «ағып» жатыр... шамам жоқ қарсы келер осынау күш-ағынға.
Дүрмекте мен отырмын жүрегім шаттана алмай, жан сырын ақтара алмай,
Тамыздың аппақ таңы бейне бір атпағандай, желі де соқпағандай.
Біздерді аямайды бұл уақыт түсі суық, қаншама өтінсек те,
Өлең де жазылмастан, әңгіме айтылмастан, қалды ғой көңіл шетте.
Қорқамын тағдырымнан, қорқамын тұтқиылдан бір дауыл жетер ме деп,
Бар ғұмыр сыйып кеткен осынау құмсағатты төңкеріп кетер ме деп...
Сүйемін әлі талай, самғаймын әлі құстай, күйсе де өтінішім,
Өлімнің бұрышынан өмірдің бұрышына құм сырғып кету үшін.
Содан соң оянамын анамның жатырында ештеңе болмағандай,
Періште пері болар, қайтадан түнек түсіп, ғаламды жаулағандай.