Валерий Попов

Валерий Георгиевич Попов (1939 ж. т.) — прозашы, ақын, сценарийшы. РФ Үкіметі сыйлығының (2013), Санкт-Петербург Үкіметі сыйлығының (2014), «Большая книга» және басқа да сыйлықтардың лауреаты.
Қазанда туған. Ленинград электротехникалық институтын бітіріп, инженер болып жұмыс істеді. ВГИК-тің сценарлық факультетін бітірді.
«Южнее, чем прежде» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. «Нашарлардың ішіндегі үздігі», «Саңырауқұлақ жинаушылар пышақ ұстап жүреді», «Кеңсе періштесі», «Жеңістің сұмдығы», «Магдалинаның Евангелиесі», «Үшінші тыныс», «Сәтті өмір», «Өзгеріс дәуіріндегі өмір», т. б. отыздан астам көркем және деректі проза бағытындағы кітаптары бар. Бірнеше сценарий жазған. «Ғажап жандар ғұмыры» топтамасымен жарық көрген Д. С. Лихачев және С. Довлатов туралы кітаптардың авторы.
Попов — Андрей Битов, Сергей Довлатов шыққан «прозашылардың ленинградтық мектебінің» өкілі. Оның шығармаларына трагикомедиялық, гротескілік үлгі тән, тұрмысты бейнелеуі сезімталдықпен, баяндаудың тартымдылығы ғибадатшылдығымен үйлесім тапқан.