Лев Данилкин
Лев Александрович Данилкин (1974 ж. т.) — жазушы, әдебиет сыншысы. «Большая книга» сыйлығының лауреаты (2017).
Винницада тіл мұғалімдерінің отбасында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетін және аспирантурасын бітірген. «Playboy» журналының шеф-редакторы, «Ведомости» газетінің әдеби шолушысы, «Афиша» журналының кітап шолушысы және «Российская газетаның» мәдениет бөлімінің редакторы болып жұмыс істеді. Оның қазіргі орыс әдебиетіне сыни шолулары «Парфянская стрела», «Круговые объезды по кишкам нищего» және «Нумерация с хвоста. Путеводитель по русской литературе» атты жинақтарда жарық көрген. «Человек с яйцом» (Александр Проханов туралы), «Пассажир с детьми» (Юрий Гагарин туралы) және «Пантократор солнечных пылинок» (Ленин жайлы) сияқты жарқын, терең және бірегей өмірбаяндық зерттеулердің авторы.