Андрей Геласимов
Андрей Валерьевич Геласимов (1966 ж. т.) — прозашы, баспагер, сценарийшы, педагог. «Ұлттық бестселлер» (2009), Апполлон Григорьев атындағы (2002) және басқа да сыйлықтардың лауреаты.
Иркутск қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Якутск мемлекеттік университетін филолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі Ресей театр өнері институтының режиссерлік факультетінде білім алған. Филология ғылымдарының кандидаты. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының доценті.
«Фокс Малдер похож на свинью» атты тырнақалды хикаятында алғашқы махаббат туралы толғайды. Солтүстік Кавказдағы ұрыс қимылдары туралы «Жажда» хикаяты, «Год обмана» және «Рахиль» романдары оны қазіргі таңдағы ең танымал жазушылардың бірі етті. Сонымен қатар, XIX ғасырдың ортасында Қиыр Шығысты игеру тақырыбындағы «Роза ветров», орыс рэпі туралы «Чистый кайф» романдары да қалың көпшілік мойындаған еңбектер. Ұлы Отан соғысы туралы «Степные боги» романы үшін «Ұлттық бестселлер» сыйлығын алды.
Сыншылар пікірінше, Геласимов прозасы «сценарнийшылдығымен», терең психологизмімен, диалогтарды шебер құра білуімен және уақыт лебіне ерекше назар аударуымен ерекшеленеді.