Алексей Парщиков

1954 жылы Приморск өлкесінің Ольга кентінде дүниеге келген. Бала кезінде ол Киев пен Донецкіде тұрған. Киев ауылшаруашылық академиясында және А. М. Горький атындағы әдебиет институтында оқыды. 1980 жылдардағы шығармашылығы «Метареализм» деп аталған бейресми ақындар тобының құрамында болды. 1991 жылы Сан-Францискоға (АҚШ) көшіп, Стэнфорд университетінің славистика бөлімінде магистр дәрежесін алды. 1995 жылдан бастап Кёльнде (Германия) тұрды. «Фигуры интуиции» (1989), «Cyrillic Light» (1995), «Выбранное» (1996), «Ангары» (2006) және тағы басқа поэтикалық кітаптардың авторы. Өлеңдері ағылшын, дат, идиш, қытай, неміс, голланд, серб, өзбек, фин, француз, жапон және басқа тілдерге де аударылған. Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің көптеген поэзия фестивальдеріне қатысқан. Андрей Белый сыйлығының, Мәскеу ақындар Биенналесі сыйлығының лауреаты. Ол 2009 жылы қайтыс болды.
Философ, лингвист және өлеңтанушы Михаил Эпштейн Парщиковтың «Орыс поэзиясына шексіз үйлесімділік, түрлі бояу, суреттердің ғарыштық ауқымы мен метаморфоздық бейнелерді әкелгенін» айтқан. «Бірақ ол тек Метареалист қана емес, сонымен қатар, презенталист болды және поэзияда мына заңдылықты ұстанды: затты осы қазір болып жатқандай бейнелеп, бұлтартпай, абстрактсыз көптеген призмадан қарап, ашық берген, қатаң және айқын болғанын жақсы көрген» деп атап өтті.