«Дирижабльдер» топтамасынан
Ауыл мазары
Сарайдай өз үйім, өлең төсегімді қалдырып,
ауланы, дәлізді, тіпті үлкен ас үйді тәрк етіп барлығын,
жарты ғасыр бұрын апатқа ұшырап қираған,
біздің кеменің үйілген қалдығын,
қоларбаға салып сүйреп өткен жолменен қаңғырып,
мен кетіп барамын,
өткен күндердің қатпарлы қыраттарына көз жүгіртсем болды,
жан дүнием — жаңғырық!
Баянсыз бұл тірлік алдамшы екенін сездіріп,
жүйрік уақыттың жалына жармасып кезді үміт.
Мойным жар бермей тұрса да тірлікке құлықсыз кіріскем,
әйтеуір, әр күнгі уақытты жалқаулығыммен оздырып,
егер, мен кез келген жобаны, жұмысты тез біліп,
ден қойып істесем жіберер едім ғой,
діндарды дінінен бездіріп.
Өнер адамы өлімді қалай елестетеді, ол кейде?
Ешкімге керексіз, елеусіз қалумен тең дей ме?
Егер де ол өз биігінен құласа сене ме,
қайтадан қайырылып шығарын дәл сондай деңгейге?
Көпірдің үстімен қарама-қарсы бағытта жүйткіген пойыздар дауысы,
көз ілген бір түннің әп-сәтте ұйқысын бөлмей ме?
Дүрсілі өлімді, жоқ әлде өмірді тербей ме?!
Тілдерін тістеген кесіртке кезеңнің шындығын,
уақыттың иірімі тереңге батырар күн бұрын,
басында жалғанның бауына байланған қалпағы,
болашақ қарайды әшкере қылардай өткеннің ұрлығын.
Дирижабль жылжиды бұл өзі бұлт па, кеме ме, жоқ, әлде,
сабырлы қарайды шыдамсыз уақытқа обал не?!
Өткен мен бүгіннің арасын шексіздік билейді,
шексіздік билейді бүгін де, ертең де жоқ әнге.
Дирижабль жүзеді бұлттарды қақ жарып,
бел орта кезеңге жеткенше қалқыған.
Кенет кілт тоқтады, айнала жап-жарық,
күңіреніп күрең Күн қадалды артынан.
Ол бұрандаларының орнын шатастырған жартастың төсінде,
шытынаған сол бір баспалдақ пен д’Эскювели аппараты есімде.
Батпырауықтардың әулеті ауада буланған спирттей түбімен жоғалған
десуде,
ал, аэроплан орнында айналып, жойылмай, жоғалмай ғұмырын кешуде.
Енді оның көне суреттен түрлі-түсті жалаушаларының бұл күйін,
сондай-ақ арнайы дайындалған қайықшалардың түсін ажырату тым қиын.
Бірақ бұл суретте олардың дирижабльдері бос екендігі ап-айқын,
және айқын көрінеді қатпарлы сұр киім.
Жердегі дененің іздерін су шайып әкетті,
ал, оның шертеді кім күйін?!
Табиғат тамырын жалғыз-ақ талшықтан жаяды,
ал, түнде көз ілген паң дала тым асқақ,
әрқашан алысқа ұзаған дүниенің аяғы,
ең ұлы мағынасыздыққа ұласпақ.
Тынық кеш, тікенжапырақты ағаш та азалы,
коллапс күйіне сезімтал, өте сақ.
Суретші өмірдің таусылмас ғажабы,
өзгертер барлығын бір сүйкеп кете сап.
Қозы-бұлт көкпенен жылыстап барады,
жиі артқа қарайды, назарын бөледі-ақ.
Арқасын, құйрығын көруді қалады,
тіпті, айна болса да, тегі, олақ.
Дәл осы сәттерде мойынын ұзартып сап берер,
бір Пармиджанино керек-ақ.
Жаныма жақынды жұлып ап жыл-құзғын,
қарымды талдырған қан құмар кейіпте.
Содан соң жалғанға құлпытас тұрғыздым,
құрал-саймандардай шашылған бейітке.
Қол ара, иілген бәкісі, бұрғысы,
қысқышы, содан соң қырғышы.
Мазарда күңіреніп жатқанда мың кісі,
ажалдың ашылар қылмысы.
Ол әуе шарымен жинап жүр мезгілі жеткенді,
шар іші — ақырғы демдердің дыбысы.
Бір сәтте тірліктен ешқандай жоқ белгі,
ажалдың үздіксіз жалғасар жұмысы.
Көшеге сансыз көп үнпарақ шашылып,
жаңа да көнеге айналып ескірген.
Өлгендер еліне өтуде бас ұрып,
ұлы да, құлы да кем емес ешкімнен.
Васенко, Федосеенко, Усыскин де осында,
артынан аңызын ілестірген.
Алып кемені ең алғаш үшеуі,
стросфералық қабатта естірген.
Көк көзді хирург мәйіттер мазасын алуда,
оң жақта — қатырылған,
сол жақта — бальзамдалған адамның денесі.
Ажалдың кемесі айналған сағымға,
бұл тірлік соншалық баясыз неге осы?
Басқа бір уақытта, басқа бір әлемде,
ең соңғы сәттерін өткізер жері ғой.
Сырт жағы әр түске боялған әуелде,
ол әуе кемелер тізбегін күзетер еді ғой.
Әй, мүмкін қашқын да шығар ол артынан жел қуған,
кемені жасаған ажалдың тұрса да өтінде.
Құрастырды дегенде боп кеткен сол құрбан,
жазбады Дирижабль авторы ретінде.
«Құрметті Николо Тесло!
Бір ұшқыш өлмесе, кім бізді аспанмен жалғайды?
Мен ылғи ойланам сол жайлы.
Өлілер — тірінің көтерген жалауы, мәнісі түбінде болады мәңгі әйгі.
Сендегі оқыстан келген ой әлемді оятқан, сілкіген санасын сондай бір.
Түбінде көк жүзін шарлаймыз самғай-дүр...»
Темекі түтіні биікке өрлеп кеп шашырап кеткендей,
көбінде сенім бар, тек олар Жак пенен Жозефтей қиялшыл емес-ті.
Монгольфьерлер әуеге шын сапар шеккендей,
өнертапқыш жандардың бір сөзі есімде болса да көмескі —
Тәтті елес,
«жазамын дегенге, тасқа да жазуға болады,
ал, қағаз тек әріп тізетін тақта емес!»
Аулада елу шақты бөшек тұр,
амияк, металл қышқылы қолқаны қабады,
адамдар тұмсығын тұмшалап барады.
Сезінгіш сутегі Орфейдің өзіне төнетін
қауіпті сезетін сезімталдығына қарағанда бағалы.
Жалаңаш бір адам дәлелдеп тұрғандай әлдене,
денелер ауадан емін-еркін қозғалыс табады.
Сан рет байқадым: ол басын көтерсе ойланып,
ұшу алаңы, секторлар кететін қоқысқа айналып.
Тағы да сан рет байқадым: ол әуе шарымен қаладан ұшып кеп,
ал, бірде ол көкте тұрды өзі ұшатын аспапсыз жайланып,
қолында дирижаблін шертіп тұр жай налып.
Тағы да сан рет байқадым: ол үйден жинақы шығатын,
қолында ораулы сызбасы және ағаш қобдиша тұратын.
Көк шөптер көк кілем емес пе, бұрышы қайырылған тұстарға,
сыбырлап айтатын секілді, сірә, тым.
Кенет ол жоғалды, бірақ, мен шарқ ұрып іздеген емеспін,
Иоаннадан ол өзінің артында, сондай-ақ, алдында бар ма деп?..
Сан-Францискода мен бір күні «Роза мен Чертополох» атты барға кеп,
балық жеп отырғам, жанымда жоқ ешкім,
мен оның қазасын қылтанақ ішінен оқыдым сонда тек.
Қайта жерлеу рәсімі. Қабір бос. Алынған сынама,
марқұмды «ренжітпей» зиянсыз зерттеулер жасалды.
Аспан менің досымды ғана емес, сенімді серігімді ап кеткен бұл ара,
басқа бір әлемге өткізер есіктей жасанды.
Сол басқа әлемде Дирижабльдің матасы олақтау тігілген,
ол тіпті деміме тұр, әне, дірілдеп.
Ал, мұнда метро жүйткіп жүгірген,
болашақ қарсы алып тұрғандай күлімдеп.
Ымырттағы ангар
Ангар қыр көрсетті даланы мүйіздеп,
ал, одан ұшқан нұр биікте шашылып.
Жартылай салынған дирижабль күй іздеп,
үңірейіп әлі тұр маңдайы ашылып.
Желден де жеп-жеңіл, құласа құлдилап,
кеңістік көкеңнің аузына құм құймақ,
дирижабль қалқиды бауырынан от шашып,
ол да бір өзінше бір сәтке ылдилап.
Ал, күндіз тым кіршең санасын сүрлеулі,
қалқанның астына жасырған кім болды?
Неліктен ештеңе білмейтін түрге енді?
Толықтай бұл ангар тарап та үлгерді.
Роботтар кілт тоқтап тосырқап жүрген-ді.
Сөнді ангар, жоқ қазір, жоғалған байқадым,
сонда да бар әлі үздіксіз қозғалыс.
— Басыңды неліктен шайқадың?
Неліктен тұрады үн-түнсіз боздап іш?
Неге осы мазасыз күй кештің кейде шын?
— Мен қазір іздеймін әулиелер бейнесін.
Күнделік
Теңізге мөлт еткен тамшының үлкен боп көрінер бейнесі,
кемеде тербелдім, айнала көз жетпес шексіздік.
Бір тамшы көп нәрсе өзгертер секілді кейде осы,
жиналып жойқын бір ағынға айналып кетсе үздік...
Шаршадым дейді ол, беймәлім үміт пен күдіктен,
қашқысы келсе де, қашыққа ұзатпай ұстайды бір қазық.
Отырам парақтап «Дирижабльдер тарихын» үмітпен,
тарихты толқындар жоқ қылар мінезбен ұр да жық.
Тағы үміт пен күдік айқасып, азаптап жатты оны,
ең ұлы табиғи апаттар қарасаң құрдымнан құралған.
Егескен қос геодезист қалтасы секілді жарылғыш зат толы,
аңдамай жарылса жалғанда күн қараң, ертеңің ұлы арман.
Әуе кемесі Жерменен жылжиды орнынан қозғалмай,
ал, мұнда өрнекті, мұнаралы саяжайым бар менің.
Тұтқынға түрлі ойлар келеді, тірліксіз тозғанда Ай,
дирижабль жылжуы үшін де жерленген ойларым тән дедім.
Түсімде ол маған тылсымға піскен нан ұсынды,
ішінде талайлар таласып ойнаған алаң бар.
Қап-қара түндерді бекіндім құм болып құшуды,
байқашы, таптайды тағдырын тартысқан адамдар...
Азанмен қорымның күзеті сияқты жүремін сандалып,
йога жасаймын әр күннің себезгі нұрына алданып.
Бір жарық қай жаққа жоғалды?!
Коперник циркулі секілді аз сәтке жанданып,
мен тұрмын бейтарап құбылыс үстінде қолыма түскенге қарманып.
Мұнтаздай үйімде өмірі жанбаған ошақ тұр,
ал, оның үстінде ешқашан ұшпаған аэронавт ілулі.
Отын да, от та жоқ жан дүнием секілді босап тұр,
Жел соқса үдетер аш жатқан қасқырдай ұлуды.
Ал, мүмкін сан рет тасқа кеп маңдайым соғылды,
мүмкін мен қателік жасаудан жапқанмын жолымды?!
Табиғат, кешірші, толтыра алмаған шығармын кеміңді...
Махаббат-мұнара мұң болып екіге бөлінді.
Бұл менің дәптерге жазғаным:
Көкжиек сызығын күн жұта алмайды,
сәттер қайталанбайды, ал, уақыт басыңнан үздіксіз аунайды.
Көптеген ағаштың ғұмыры қараңғы, жарыққа ұмтылар біразы және де
жанымды жылытар солардан үйілген бөрене, от болып лаулайды.
Арайлап таң атса далаға жан беріп,
әр алуан мақұлық қылтитты бастарын.
Сахара төсінен бір алау әлденіп,
жып-жылы бастамақ бір күннің дастанын.
Жай ғана физика заңындай
тіршілік алмаспас бұл заңға бағынбай.
Дирижабль маңдайы жер сүзіп барады,
қараңғы түндерде жиырылған қауындай.
Таң алғаш білінер-білінбес кезеңде,
жұлдыздар жарығы әлсіреп сөнуде.
Емініп дала тұр ерні кезерген,
дирижабль елеусіз ендікке енуде.
Үш күнге адасып, ендіктен ары асып,
тоқтаусыз бұл бағыт барады қайда алып?
Мына өмір өтуде уақытпен таласып,
барады дирижабль сағымға айналып.
Батпырауық
Ыстық жел, сымдағы жылауық ызыл не?..
Тозған батпырауықтың даусы ма жаралы?!
Иерихон терезесінен қалықтап жүзуде,
артынан шұбалған жібі еріп барады.
Тым нәзік жасалған қалтырауық бұл қағаз,
құралған қораптан, ең жеңіл бөлшектен.
Жысырып тұрғанмен мына жел дүрдараз,
ең әлсіз тұстарын гу-гулеп көрсеткен.
Тартқанда жібінен ойнақшып көгімде,
жазылған қанаты жиырылып, іркіліп,
бір фарсах кеңістік ішіне енуде,
дәуірден дәуірге тұрғандай ұмсынып.
Бір қалқып, бір мүлгіп әуеде жан бағып,
сабырын сарқиды тынымсыз сыртқы леп.
Қанатын бір шаршы толқынға аударып,
ауаның әр тұсын еседі түрткілеп.
Зәу көкте әп сәтте басталар күресін,
қара бұлт-ұлы әскер төбеден төнгенде,
бірінші атуға болмасын білесің,
шын айқас басталар уақыты келгенде.
Бір тамшы ал тамды, тамды да дірілдеп,
бір тамшы осал жер іздеп кеп енуде.
Тағы да бір тамшы ажалға бұрын кеп,
үп-үшкір тұмсыққа соғылып өлуде.
Бір сәттік айқаста тамшылар төкпелеп,
тисе де ол бекінген намысын бермеуге.
Қағаз ба дәл қазір тағдырға бетпе-бет,
қарсылық көрсеткен, жоқ, әлде ол мен бе?!