Александр Тимофеевский

1933 жылы Мәскеуде туған, қоршауда қалған Ленинградта өмір сүрген. ВГИК-тің сценарий бөлімін бітірген. «Тәжікфильм», «Союзмультфильм» және «Мульттелефильм» киностудияларында редактор болып жұмыс істеді. Мультфильмдерге сценарий мен әндер жазған. Әсіресе, «Чебурашка» мультфильміндегі «Крокодил Генаның әні» кеңінен танымал болды. Ұзақ уақыт бойы «шығармаларым жарияланады» деп үміт етпей-ақ жазды. Алғашқы өлең жинағы 1992 жылы ғана жарық көрді. Ол он бес поэзиялық кітаптың авторы. «Кеш қалған мерген» (2003), «Жүз сегіз аяқ жыр және аңғал Гамлет» (2004), «Махаббат мәні туралы Парижге хат» (2005), «Хайуанаттар бағындағы таңғажайып» (2006), «Теңіз жағасындағы ой» (2008), «Краш-тест» (2009), «Римдік достың жауабы» (2011), «Мен мұнда тудым» (2017), «Сиракузадағы метаморфоза» (2020) секілді жыр жинақтары көпшіліктің көзайымына айналды. «Дружба народов» журналы сыйлығын (1998), Мәскеу Жазушылар одағының «Венец» сыйлығын (2006), «Московский счет» сыйлығын (2007), «Anthologia» ақындық сыйлығын (2009) иеленген. 2022 жылы қайтыс болды.
Сыншы Данила Давыдовтың айтуынша: «Тимофеевский әртүрлі мағыналық деңгейде әрекет етеді әрі әртүрлі деңгейде оқылуы мүмкін; оны қандай да бір үрдіске енгізуге аса ыңғайлы емес, бірақ, дәл осы тұсы оның поэзиясын негізінен «сәннен тыс қалса да», өте заманауи етеді.