Игорь Меламед

1961 жылы Львов қаласында туған (Украин КСР-сы). Черновицкий университетінің филология факультетінде білім алып, А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған. «Юность» журналының сын бөлімінің редакторы, Переделкиндегі Борис Пастернак музейінің ғылыми қызметкері болған. Бел омыртқасы зақымданып, өз бетімен қимылдай алмай қалған. Сырқат жатқан шағында белсенді блоггерге айналып, ойдан шыққан бірқатар ақындар мен сыншылардың «әдеби бүркемелерінің» туындыгері болғаны мәлім. «Ұйқысыздық» (1994), «Қара тамұқта» (1998), «Бұйырмыс» (2010) атты жыр жинақтарының авторы. Горький әдеби сыйлығын, «Мәскеу есебі» сыйлығын, Халықаралық Волошин сыйлығын иеленген. 2014 жылы дүниеден озған.
Бақилық болған соң өлеңдері, эсселері мен «әдеби бүркемелері» дербес үш кітап ретінде жарық көрді. Әдебиеттанушы һәм сыншы Павел Басинский ақын жайлы: «Менің өмірімде жолықтырған адамдарымның ішіндегі ең ерекшесі әрі болмысы бөлегі Игорь болды. <...> Басқасын қайдам, ал, Ақынға ол еш ұқсамайтын. Сол уақыттағы менің қиялымдағы Ақын бейнесі мүлдем басқа болатын. Бірақ нағыз Ақын тап сол-ды. Таптаурын тіркестен талшық суырғандай көрінсе де айтайын, ол Тәңір тумысынан Ақын еткен аяулы жан еді», — деп еске алады.