Илья Бояшов
Илья Владимирович Бояшов (1961 ж. т.) — жазушы, тарихшы, аудармашы. «Ұлттық бестселлер» сыйлығының лауреаты (2007).
Ленинградта дүниеге келген. Герцен атындағы ЛМПИ-дің тарих факультетін бітірген. Экскурсия жетекшісі, пошташы, киномеханик, күзетші болып жұмыс істеген. Нахимов әскери-теңіз училищесінде тарихтан дәріс берді. Баспада редактор, «Аврора» журналында жауапты хатшы болды. Баспасөз беттеріндегі алғашқы жарияланымдары 1988 жылы жарық көрді. «Муриға апаратын жол» романы жарық көргеннен кейін, Бояшовты «Прозаның Кустурицасы» деп атады. Оқырмандар арасында «Танкист немесе «Ақ Жолбарыс»» романы, «Эдем», «Жібек құрт» хикаяттары, басқа да шығармалары танымал.
Сыншының пікірінше: «Бояшовтың мәтіндері құрмет тұтар әлеуметтік құндылықтарды инверсияға ұшырататын орыс диуаналығының қарадүрсін эстетикасына, қуақы-сайқымазақтығына, күлкі дәстүріне меңзейді...»(Дмитрий Голынко-Вольфсон).