Леонид Юзефович

Леонид Абрамович Юзефович (1947 ж. т.) — прозашы, сценарийшы, тарихшы. «Ұлттық бестселлер» (2001, 2016), «Үлкен кітап» (2009, 2016, 2021) сыйлықтарының лауреаты.
Мәскеуде дүниеге келген, балалық және жастық шағы Пермьде өткен. Пермь университетінің тарих факультетін бітірген. Журналист және мұғалім болып жұмыс істеді. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Ол 1977 жылы «Еркіндікпен табысу» хикаятымен дебют жасады. Одан кейін «Эсперо клубы», «Жел әміршісі», «Казароза», «Тырналар мен ергежейлілер», «Шөл билеушісі», «Хийумаадағы шамшырақ», «Қысқы жол», «Филлэллин» және т. б. тарихи хикаяттары мен романдары жарық көрді.
Детектив Иван Путилин туралы тарихи детективтер топтамасы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Юзефовичтің прозасы мен деректі фильмдерінде терең тарихшылдық экзистенциалды шиеленіспен ұштасып жатады. «... Детектив тартыстарының астарында болмыстың өзгеше бағалы сыры шымырлап жатады <...> Юзефовичтің әрбір детективінде кісі өлтірушіні іздеуден де қызықты шытырман оқиға, интеллектуалдық бірегей баян бар: оқырман оның әлдебір жаһандық, әлемді қамтитын идеяларының құпиясына бойлайды»(Марина Абашева).

Авторлық шығармалар

1 жұмыс