Инна Лиснянская
1928 жылы Бакуде туған. Машина жасау техникумінде және Баку университетінде оқыған. Әзербайжан поэзиясын аударған. 1979 жылы астыртын «Метрополь» альманағына қатысқан. Жары Семен Липкинмен және Василий Аксеновпен бірге КСРО жазушылар одағынаның мүшелігінен шығып кеткен. Отызға жуық өлең кітаптарының авторы, оның ішінде: «Музыка и берег» (2000), «Вместе» (2000; С. Липкинмен бірге), «В пригороде Содома» (2002), «Одинокий дар» (2003), «Иерусалимская тетрадь» (2004), «Без тебя» (2004), «Эхо» (2005), «Сны старой Евы» (2007), «Птичьи права» (2008), «Перемещенные окна» (2011), «Цветные виденья» (2011), «Гром и молния» (2013), «Вдали от себя» (2013), жыр жинақтары және үш проза кітабы бар. Өлеңдері көптеген шет тілдерге, атап айтқанда, ағылшын, испан, беларус, қытай, неміс және т. б. аударылған. «Арион», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир» әдеби журналдары сыйлықтарының лауреаты. Александр Солженицын атындағы әдеби сыйлықтың, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының «Книга года» ұлттық байқауы жүлдесінің, «Московский счет» сыйлығының, «Anthologia» поэзия сыйлығының, Бунин сыйлығының, Ұлттық «Поэт» сыйлығының лауреаты. 2014 жылы қайтыс болды.
Кейінгі кітаптарында ақын әйел затының қартаю тақырыбын қозғап, қарт адамдардың даналыққа толы махабаты туралы жырлады. Оның ең соңғы шығармаларынан інжіл аңыздарына тән астарлы түйткіл байқалады.