Юрий Поляков

Юрий Михайлович Поляков (1954 ж. т.) — прозашы, журналист, публицист, драматург, ақын, қоғам қайраткері. РФ Үкіметі сыйлығының лауреаты, Гоголь, Бунин және басқа да бірқатар сыйлықтардың иегері.
Мәскеуде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Крупская атындағы Мәскеу облыстық педагогикалық институтының (қазіргі ММОУ) орыс тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, майдан поэзиясы туралы диссертация қорғаған. 2001—2017 жылдары «Литературная газета» басылымының бас редакторы қызметін атқарған.
Ақын ретінде әдебиетке 1974 жылы келген. Юрий Поляковтың «Аудандық көлемдегі төтенше жағдай» және «Бұйрыққа дейін жүз күн» хикаяттары «Юность» журналында жарық көрген. «Қателерді түзеу», «Апофегей», «Костя Гуманковтың париждік махаббаты» хикаяттарында сыншылар «гротескілі реализм» деп атаған жазушының өз әдісі қалыптасқан. «Сүтке түскен лақ», «Қашу ниетім бар...» әңгімелерінің, «Тән хикаяттары» топтамасының, «Саңырауқұлақ патшасы» романының, «Гипс кернеуші» мысқыл эпопеясының және т. б. авторы. Қаламгердің пьесалары ресейлік және еуропалық сахналарда сәтті қойылып жүр.
Поляковтың прозасы әрдайым әлеуметтік әрі заманға сай өзекті тақырыпты қозғайды. Ол жаңа кейіпкерлері мен жаңа өмір салтын ащы әжуамен сипаттап, жиі мысқылы лирикаға, ал әлеуметтік тебіренісі — жұмсақ сағыныш тәлкегіне айналады.

Авторлық шығармалар

1 жұмыс