Александр Терехов
Александр Михайлович Терехов (1966 ж. т.) — прозашы, журналист, киносценарийшы, редактор. «Ұлттық бестселлер» (2012), «Үлкен кітап» (2009) сыйлықтарының лауреаты.
Тула облысының Новомосковск қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Огонёк» журналы мен «Совершенно секретно» газетінде шолушы, «Люди» журналы бас редакторының орынбасары, «Настоящее время» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Мәскеудің Батыс әкімшілік округі префектурасының баспасөз орталығын басқарды.
«Егеуқұйрық аулаушы», «Шөл шеті», «Мына жан төзгісіз жарқын болашақ», өткір әлеуметтік «Немістер» және сталиндік дәуір туралы «Тас көпір» (тарихи фантазия) секілді әңгімелер жинақтарының, хикаяттардың, романдардың авторы. Соңғы аталған екі кітап қызу талқыға түсіп, экранға шығып үлгерді.
Тереховты таңғажайып стилист, сиқырлы тілі бар жазушы деп атайды. Оның қаһармандары әрқашан өз дәуірінің қиыншылықтары мен азғыруларын кешіп, ұлы тарихи кезеңде өмір сүреді.