Арзан ойды алса қайттік тіл қаптап...
* * *
Арзан ойды алса қайттік тіл қаптап,
Талғамсыздық шығып кетсе шегінен.
Жоқтан барды өлең қылсақ жұмбақтап,
Бордай тозар бос сөздердің кенінен.
Бұл өмірде кәуәк бастар қандай көп,
Табытына бір-ақ көшер тағынан?..
Термелесек тым бақытты жандай боп,
Түсіп қалған ақымақтың жағынан.
Ерегіссем қарсы бұтақ — Хармсқа,
Жауыма да болып шығам туысқан.
Малай-жырды жұмсар оңай бар нұсқа:
Жүрдек желдей өтер барлық қуыстан!..
Менің сәулем мейіріммен жұпталған,
Шын ақындық тұншықпайды тозаңға.
Сәлем айтам қышқылданған бұлттардан,
Қала шаңы тұншықтырған озонға!
Арзан ойды алса қайттік тіл қаптап,
Талғамсыздық шығып кетсе шегінен.
Жоқтан барды өлең қылсақ жұмбақтап,
Бордай тозар бос сөздердің кенінен.
Бұл өмірде кәуәк бастар қандай көп,
Табытына бір-ақ көшер тағынан?..
Термелесек тым бақытты жандай боп,
Түсіп қалған ақымақтың жағынан.
Ерегіссем қарсы бұтақ — Хармсқа,
Жауыма да болып шығам туысқан.
Малай-жырды жұмсар оңай бар нұсқа:
Жүрдек желдей өтер барлық қуыстан!..
Менің сәулем мейіріммен жұпталған,
Шын ақындық тұншықпайды тозаңға.
Сәлем айтам қышқылданған бұлттардан,
Қала шаңы тұншықтырған озонға!




