Виктор Лихоносов

Виктор Иванович Лихоносов (1936—2021) — прозашы, публицист. РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), Ресейдің Үлкен әдеби сыйлығының (2010), Бунин сыйлығының (2013), басқа да жүлделердің иегері.
Кемерово облысында дүниеге келіп, Новосібірде өскен. Әкесі майданда қаза тапқан. Краснодар педагогикалық институтын бітіргеннен кейін ауыл мұғалімі болып жұмыс істеді. Лихоносовтың «Брянские» атты алғашқы әңгімесі 1963 жылы «Новый мир» журналында жарияланған.
Ол «Люблю тебя светло», «Таманьдағы күз», «Элегия» және басқа да көптеген лирикалық-философиялық хикаяттардың авторы ретінде танылды. Орыс казактарының тағдыры туралы «Жазылмаған естеліктер. Біздің кішкентай Париж» (1986) атты ауқымды әрі сан қырлы романы оған еуропалық даңқ әкелді. «Өкініш» және «Ұйықтар алдындағы жазбалар» секілді жинақтары, «Тоска-кручина» публицистикалық кітабы қайта құрудан кейінгі ірі жетістіктері болды.
Лихоносовтың прозасы — Ресей мен әлем туралы поэтикалық және тарихи көзқарастың қабысуы. Сыншылар оны орыс әдебиетінің «соңғы сазгері» деп атады. А. Т. Твардовский: «Оның прозасы Буниннің туындыларындай жарқырайды», — деген.