Александр Проханов

Александр Андреевич Проханов (1938 ж. т.) — прозашы, журналист, публицист, сценарийшы, қоғам қайраткері. «Бунин» атындағы, «Алтын Дельвиг», «Ұлттық бестселлер» сыйлықтарының және тағы басқа көптеген марапаттардың иегері.
Тбилисиде туған. Мәскеу авиациялық институтын бітіргеннен кейін (1960) ғылыми-зерттеу институтында инженер, Карелияда орманшы және туристік жетекші болып жұмыс істеп, Тувада геологиялық барлау жұмыстарына қатысты. «Литературная газетаның» журналисі ретінде ол КСРО-ның түкпір-түкпірінде болды, Арктикада және зымыран полигондарында болды, әлемнің көптеген «ыстық нүктелерін» аралады. «Завтра» газетінің Бас редакторы. Ресей Жазушылар одағының хатшысы.
1980 жылдардың басынан әскери-саяси роман жанрында жұмыс істеді. Ауған соғысына арналған «Өртке оранған бақтар» тетралогиясын жазған. 1990 жылдардың аяғында Александр Прохановтың «Соно Кабуле», «Мінекей, жел тұрды», «Аралдардағы аңшы» және т. б. романдарын біріктіретін «Жеті кітап» шықты. Прохановтың романдары — «Гексоген мырза», «Иосиф Бродский теплоходы», «Шешен блюзі», «Шығыстанушы» және т. б. қоғамдық резонанс тудырған шығармалар.
Прохановтың басты тақырыптары — тұлға мен соғыс, орыс және әлемдік өркениеттердің тағдыры, Кеңес мемлекетінің күйреуі, геосаяси апаттар. Оның метафораға бай, аллегориялы, «түрлі-түсті» прозасы негізінен орыс космизмі мен еуразияшылдық идеяларынан нәр алады.