Алексей Иванов

Алексей Викторович Иванов (1969 ж. т.) — жазушы, сценарийшы. «Үлкен кітап» (2006), «Ясная Поляна» (2006) сыйлықтарының, РФ Үкіметі сыйлығының (2017) және басқа да марапаттардың иегері.
Горькийде (Төменгі Новгород) кеме жасаушылардың отбасында дүниеге келген, Пермьде мектеп бітірген. Орал мемлекеттік университетінің журналистика факультеті мен өнер тарихы факультетінде білім алған. Мұғалім, күзетші, гид болып жұмыс істеген.
Ең алғашқы кітабы — «Парма жүрегі» (2003) тарихи романы сыншыларға Ивановты өзінің тілі мен тақырыбы бар жарқын, төлтумаавтор ретінде танытып, мойындатты. «Қан сасыған жатақхана», «Географ глобусты ішіп қойды», «Бүліктің алтыны», «Қолайсыз ауа райы» және басқа да романдары оқырмандардың үлкен бағасына ие болды. Сондай-ақ, Орал туралы мәдениеттанушылық зерттеу жанрында «Ресейдің жотасы», «Тау-кен зауыты өркениеті», «Ёбург», «Айыр» және басқа да бірқатар кітап жазды.
Иванов орыстың классикалық прозасының дәстүрін бұқаралық мәдениет тәсілдерімен үйлестіреді. Оның мәтіндерінде реализм мистицизммен, ал оқиғалардың динамизмі мен өткірлігі пейзаждық һәм портреттік суреттеумен әдемі астасып жатады.