Светлана Кекова

1951 жылы Александровск-Сахалинск өңірінде туған. Сарытау мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының докторы. Николай Заболоцкий мен Арсений Тарковский мұраларын зерттеуші. Жиырмадан аса жыр жинақтары жарық көрген. «Жеті төбе» (2001), «Сары таудың етегінде» (2006), «Эммаусқа барар жолда» (2007), «Адамдар мен періштелер туралы өлеңдер» (2009), «Жүз өлең» (2012), «Каллиграфия сабақтары» (2012), «Алма мен крест» (2021) секілді жинақтары аса танымал. Өлеңдері еуропа және азия тілдеріне тәржімаланған. «Знамя» және «Новый мир» журналдары сыйлығының лауреаты, Аполлон Григорьев атындағы сыйлықтың, «Москва — Транзит» Үлкен сыйлығының, Арсений және Андрей Тарковскийлер атындағы халықаралық сыйлықтың (Украина), «Anthologia» поэтикалық сыйлығының, Пушкин атындағы сыйлықтың, «Московский счет» сыйлығының, Халықаралық Волошин сыйлығының лауеаты. Сарытау қаласында тұрады.
Әдебиеттанушы әрі сыншы Наум Резниченконың бағалауынша: «Кекова «толғану һәм тақсірет тарту үшін өмір сүргім келеді» деген Пушкиннің хрестоматиялық ойларына қарсы шығады, сөйте тұра, ұлы ақынның қағидаларын қайталайды: «Ғұмыр кешеді, толғанады... тағы да тақсірет тартады».