Ұмыт қалған керосин пеш түтіні, шыбын соққан терезенің әйнегі...

* * *

Ұмыт қалған керосин пеш түтіні, шыбын соққан терезенің әйнегі,
Ұйықтап кеткен Мұса сәби себетте. Мысырда күн жылы әрі жайлы еді...

Қолыңа ал сәбиді «ұлым» деп. Терезе мұнарлы, көз таста қиырдан,
қанша уақыт алады қоп-қою Кахетин шарабы құмырадан құйылған.

Төсегіңе жатарда қайталаған ішіңнен түсініксіз сөздерді кім ұғады?
Қураған жоқ барлық ағаш, жапырақтар тұр әлі,
                                    тапталған жоқ шөптер де әлі, жап-жасыл боп тұр, әне!

Бәрі бала кездегідей, қиялыңмен жарысқан. Ғажайып бір тылсым күтіп
                                                                                                                алыстан,
Құдай шебер, өз қолымен сыйлайды... Бесік емес, табыт тоқып қамыстан.