Қысқа хаттар
*
Жігіт айтты қалыңдыққа сендіріп:
«Жанымыз бір сәулелерден құралған,
абайсызда алмайықшы сөндіріп...
ортамызда әлсіз жанған шырағдан»,
Ұйтқып соққан қаңғыбас жел жетегі
еріксізден үйіріп ап кетеді.
От емес ол өршелене түсетін,
өмір ескі ағысымен өтеді.
Ал, махаббат мөлдір шыны сияқты,
шытынаса, тез-ақ сынып кетеді.
Шындық деген берік қамал алдырмас,
ғасырларға жаңғырығы жетеді.
Ал, құштарлық — жасырынған тереңге
көп кездейсоқ есімдердің мекені.
*
Бұл серігің мас көңілді, көрмеген еш қайғырып,
балықшыдай тор бейнесін қойған әкеп айға іліп,
қанша әйелді азаптаса, өмір сүрді сонша ұзақ,
торға түскен балықтарға көз жанарын талдырып,
қорғансызды шаршататын, сөйтіп шөлін қандырып,
тым тереңнен құс қаңқасы көзге елестеп, дал қылып,
қайғы шеккен әйелдердің азалы үні жаңғырып,
бір күндері қара түннен тәж тағады хан қылып!
*
Бір құдайдың алдында немен ақталғың келеді?
Ақтай алмас махаббаттың көлемі,
адал неке төсегің де, арашашы бола алмайды,
көз жасыңның өтеуі жоқ, себебі,
анаң үшін қабіріне салдың уыс топырақ...
уақыт шіркін өтеді де, кебеді.
Құрсақтағы нәрестедей күнәсіз
ұясында құс та қалғи береді,
мәңгі емессің, бәрі, бәрі өледі....
дүниеге басқа адам келеді.
*
Тұзды сумен басасың құмарыңды шөлдеген.
Бақыт іздеп өмірден, мұнша азап көрмегем.
Ессіз ғашық күн деген, қосыла ма түнменен?
Сезімі бар жүректің серігі ғой мұңды өлең.
Махаббатың шырағы көгілдір от жанады,
қатты жанған оттың да орнында күл қалады.
Үміт деген ақылсыз, мәңгі жұмақ — қалауы,
үнсіз ғана жымиып, уақыт өтіп барады.
*
Өмір өтер, тіршілікке қарсы ағып,
жанардағы жасыменен өліміңді қарсы алып:
«Құлазыған құлыпсыз үй тоңдырады-ау, жылусыз» —
деді жарың қарс айырылған жүрегінен қан тамып.
«Есігімді қағар-ау» деп өлім сәті бүгін кеп,
ақиқатты күтуменен күн кешесің дірілдеп,
бойды билеп үрей менен қорқыныш,
бір Құдайдың рақымына үміт артқан күнің көп.
Жанарларың түнге қарай оттай болып жанады,
жан денеңді іліп алып, құс жолына бастап алып барады.
Толқындардай тарамы көп жолдардан
өлім емес, Құдай күтіп алады.