Ақ таспалар сұлулыққа жаны сеп...
* * *
Ақ таспалар сұлулыққа жаны сеп,
қалақайлар тұр қолшатыр жайысып.
Жұпаргүлге келіп қонды бәбісек,
сәнденеді сәмбі тал да майысып.
Сұлулықтың көрінісі — бұл ара,
діріл қағып, гүл күлтесін күнге ашқан.
Көзді жұмсам, елестейді мұнара,
қырықбуын суретімен жымдасқан.
Кіреукелі мұнар жапқан қабағын,
бұлқынады өмір — өзен асығып.
Арнасымен сылқ-cылқ күліп ағады,
қарапабайыр ұйқастарды жасырып.
Өтеді күн құмырсқадай қыбырлап,
бір шыбықты майыстырар жел келіп.
Сан түрлі ой жан-жағыңнан сыбырлап,
ұйқас таппай, бал арадай сенделіп.
Жаз келеді, жақсылыққа сендіріп,
жапырақтан жап-жасыл түс себелеп.
Періштені қанатына қондырып,
жарығында қалықтайды көбелек.
Қарағайлар — сұлу қыздың бейнесі,
бұлақ ағар бастаулардан құлшынып.
Қадалғанмен жан-жағынан инесі,
шулы Еділде жалғасады тіршілік!
Ақ таспалар сұлулыққа жаны сеп,
қалақайлар тұр қолшатыр жайысып.
Жұпаргүлге келіп қонды бәбісек,
сәнденеді сәмбі тал да майысып.
Сұлулықтың көрінісі — бұл ара,
діріл қағып, гүл күлтесін күнге ашқан.
Көзді жұмсам, елестейді мұнара,
қырықбуын суретімен жымдасқан.
Кіреукелі мұнар жапқан қабағын,
бұлқынады өмір — өзен асығып.
Арнасымен сылқ-cылқ күліп ағады,
қарапабайыр ұйқастарды жасырып.
Өтеді күн құмырсқадай қыбырлап,
бір шыбықты майыстырар жел келіп.
Сан түрлі ой жан-жағыңнан сыбырлап,
ұйқас таппай, бал арадай сенделіп.
Жаз келеді, жақсылыққа сендіріп,
жапырақтан жап-жасыл түс себелеп.
Періштені қанатына қондырып,
жарығында қалықтайды көбелек.
Қарағайлар — сұлу қыздың бейнесі,
бұлақ ағар бастаулардан құлшынып.
Қадалғанмен жан-жағынан инесі,
шулы Еділде жалғасады тіршілік!





