Михаил Тарковский

Михаил Александрович Тарковский (1958 ж. т.) — прозашы, ақын, көсемсөзші. «Ясная Поляна» сыйлығының (2010), Патриархтық әдеби сыйлықтың (2012) және басқа да бірқатар марапаттардың лауреаты.
Мәскеуде туған. Ақын Арсений Тарковскийдің немересі, режиссер Андрей Тарковскийдің бауырының баласы. 1981 жылы Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын «география және биология» мамандығы бойынша бітірген. Бес жыл Енисей биологиялық станциясында жұмыс істеп, жинақтаған тәжірибесін «Өзімдікін қайтар» (2003) хикаятында шынайы жеткізген. Көп жылдар бойы сол Краснояр өлкесінің Турухан ауданындағы Бахта ауылында тұрып, тайга аңшылығымен айналысады. Красноярск өлкелік «Енисей» әдеби альманахының бас редакторы.
1991 жылы Тарковскийдің алғашқы кітабы — өлеңдер жинағы жарық көрді. Тарковскийдің әңгімелері, хикаяттары, очерктері әдеби журналдарда жарияланып тұрады. «Бақытқа дейінгі бес жылда», «Тоқтап қалған уақыт», «Тойота-креста» «Енисей, жібер!», «Үкінің ұшуы» т. б. кітаптардың авторы.
Сыншылардың пікірінше, Тарковскийді «дәстүршілдердің жаңа буынына» немесе «неореалистер» (Олег Павловпен, Алексей Варламовпен және басқалармен бірге) мен заманауи «ауылды жырлаушыларға» жатқызуға болады. Тарковскийдің нәзік және сезімге толы «тайга прозасы» өмірдің мәні, орыс тарихы, адам, табиғат және уақыт арасындағы қарым-қатынас мәселелерін көтереді.