Николай Иванов
Николай Федорович Иванов (1956 ж. т.) — прозашы, публицист, журналист. Николай Островский, Михаил Булгаков сыйлықтарының лауреаты. Ресей Жазушылар одағының Басқарма төрағасы.
Брянск облысының Страчево аулында туған. Мәскеудегі Суворов училищесін және Львов әскери-саяси училищесінің журналистика факультетін бітірген. Қызметін әуе-десанттық әскерінде бастаған. 1981 жылы Ауғанстанға жіберілді. «Советский воин» журналында жұмыс істеп, 1992 жылы оның бас редакторы болды. Әскери журналист ретінде Цхинвалда, Қырымда, Сирияда, Донбасста болып қайтты. Шешенстанға іссапарының кезінде ол тұтқынға түсіп, төрт айдан кейін арнайы операция нәтижесінде босатылған.
Ол — әскери проза тақырыбында танылған шебер. «„Шторм“ операциясын ертерек баста» романы мен «Свете тихий», «Партер. Жетінші қатар», «Брянск ертегісі», «Аспан тұрғындары», «Көк өзеннің бойында», «Сенім. Үміт. Соғыс», «Үш тоғыздың патшалығы», «Алтын түстес алтыным» новеллаларын оқырман қауым жақсы қабылдаған.