Павел Басинский
Павел Валерьевич Басинский (1961 ж. т.) — жазушы, әдебиеттанушы және әдебиет сыншысы. «Үлкен кітап» сыйлығының (2010), РФ Үкіметі сыйлығының (2014), РФ Мемлекеттік сыйлығының (2018), А. И. Герцен атындағы сыйлықтың (2020) лауреаты.
Волгоград облысы, Фролово қаласында туған. А. М. Горький (1986) атындағы Әдебиет институтын бітіріп, соның аспирантурасын да тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты. 1981 жылдан бері «Литературная газета» мен қалың әдеби журналдарда өзін сыншы ретінде танытып келеді. Орыс классикалық әдебиеті мен қазіргі әдебиетті зерттеумен айналысады. Алғашқы кітабы «Сюжеттер мен беттер» (1993) мақалалар мен шолулар жинағы ретінде жарыққа шықты. Максим Горький (2005) және Лев Толстой (2016) туралы ҒЖҒ топтамасындағы кітаптардың авторы.
Басинскийдің ең танымал кітаптары — «Лев Толстой: Жұмақтан қашу», «Святой против Льва. Иоанн Кронштадтский и Лев Толстой: история одной вражды», «Лев в тени Льва», «Лев Толстой — еркін адам», «Маған қара: Лиза Дьяконованың құпия тарихы», «Соня, кете бер! Софья Толстая: ер мен әйелдің көзқарасы. Роман-диалог», «Анна Каренинаның шынайы тарихы».
Басинскийдің деректі зерттеулері өзінің тереңдігімен және орыстың классикалық прозасындағыдай баурап алуға бейім қуатымен ерекшеленеді.