Варшава. Жасыл мейрам
Белов құйды, Штокман ақыл айтуда,
Ауыра қалсаң не істейсің, айқында.
Жабылған ғой дәріхананың барлығы,
Әй, ішуде тұрғындардың әрбірі.
Маршалковский көшесімен өтермін,
Мастар жүр ғой әуенімен Шопеннің.
Тұнжыраған сұр бұлттардан түскейсің,
«Соплицаны» қалай ғана ішпейсің?!
Ружевич пе, Галчинский ме, Тувим бе,
Жасыл сыра барын жазған бүгінде...
Мен де ұрттағам, жас болғанмын кезінде,
Мас та болып еліткенмін сезімге.
Қызыл трамвай бара жатыр асықпай,
Жанымыздан барған сайын қашықтай.
Кім бар менің бұл халімді түсінген,
Күбірлеймін ұйқас құрап ішімнен.
Мейрам, мейрам, не болды екен ақыры?
Тұрғындардың мейрамнан мас ақылы...
Кафелер де жалыққан-ау күлкіден,
Саналарын мастық жеңіп мүлгіген.
Фридерика кафесінде керемет,
Ақын жанын шабытқа мол бөлемек.
Кешкі көлік у-шуына шыдапты,
Ойластырып жазатұғын кітапты.
Ауыра қалсаң не істейсің, айқында.
Жабылған ғой дәріхананың барлығы,
Әй, ішуде тұрғындардың әрбірі.
Маршалковский көшесімен өтермін,
Мастар жүр ғой әуенімен Шопеннің.
Тұнжыраған сұр бұлттардан түскейсің,
«Соплицаны» қалай ғана ішпейсің?!
Ружевич пе, Галчинский ме, Тувим бе,
Жасыл сыра барын жазған бүгінде...
Мен де ұрттағам, жас болғанмын кезінде,
Мас та болып еліткенмін сезімге.
Қызыл трамвай бара жатыр асықпай,
Жанымыздан барған сайын қашықтай.
Кім бар менің бұл халімді түсінген,
Күбірлеймін ұйқас құрап ішімнен.
Мейрам, мейрам, не болды екен ақыры?
Тұрғындардың мейрамнан мас ақылы...
Кафелер де жалыққан-ау күлкіден,
Саналарын мастық жеңіп мүлгіген.
Фридерика кафесінде керемет,
Ақын жанын шабытқа мол бөлемек.
Кешкі көлік у-шуына шыдапты,
Ойластырып жазатұғын кітапты.





